Орыс генералдарын таң қалдырған, кезінде аты аңызға айналған, бар жоғы 25 жасында, генерал А. Л. Данзастың (1810—1880) — жеке бұйрығымен дарға асылған Досан батыр Жанқұттыұлы жайлы не білеміз? |
Досан батыр Жанқұттыұлы туралы көпшілік біле бермейтін тың деректерді тарихшы Руслан Шынтас өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сонымен Н. А. Северцовтың 1860 жылы жазылған "Месяц плена у коканцев" атты жазбасында былай делінген:
"Ол қарақшы, бүлікші болды. Бірақ бұл басқаша сипаттағы қарақшылық еді. Ол көңіл көтеру жағынан да, басқа қырынан да қырғыздардың ежелгі батырларынан кем түспейді. Ол өз заманынан кеш туғанына, өмір сүрудің жоғары бірақ бөтен формасымен бетпе-бет келгеніне, орыс халқымен ғұмыр кешкеніне кінәлі ме? 1857-1858 жылдары қыс мезгілінде оның қол астындағы қарақшыларынан он есе көп орыс отрядына шабуыл жасап, жылқы ұрлағанын білдік. Ол ұрлыққа кейде жалғыз, кейде достарымен түскен. Жолын бөгегендерді күшті әрі епті достарының көмегімен ұрып-соғып, тіпті өлтіріп отырды. Досан ұрлықты дүние жинап, пайда табу үшін жасаған жоқ. Тапқан олжасын өзіне жақын адамдарымен үнемі бөлісіп отырды. Қалған малды сатып немес айырбастап отырған. Нәтижесінде Досанда ұрланған малдың орнына алтын шапандар, шляпалар, қару-жарақ, ат әбзелдері, керемет жылқылар мен өзі ұнататын әйелдерге арналған сыйлықтар пайда болды. Ол әйелдер де Досанды ұнататын. Себебі, одан епті, әдемі әрі сәнді киінген қырғызды табу оңай емес еді.
Қанша жерден батыл әрі епті болса да, бұл қарақшы ұсталды. Ол адам өлтіргені үшін сотталып, Сібірге ауыр жұмыс істеуге айдалды. Жер аударылып кетсе де, ол межелі орынға жетпей қашып кетіп, шекаралас шатқан Қоқанды паналаған. Бірақ ол жақта да тыныш өмір сүрмейді. Өзін жер айдатқан бұрынғы әдетіне қайта басады. Бұл оның екінші рет қолға түскендегі оқиғасы. Бірінші оқиғада оны қатаң бақылаудағы бұғауда ұстаған. Ол өзін салмақты ұстап, қашуға әрекет жасамаған. Алайда оңтайлы түні ол темір бұғауларды сындырып, офицердің ең жақсы атын мініп, қашып кеткен. Дабыл қағып, Досанды іздегенмен ол қою қараңғыға еніп, жоқ боп кеткен"
Келесі мәтін 1877 жылы В.А Поттоның № 11 әскери жинақғына енген "Дала жол жазбаларынан алынды..Онда Досан батырдың өлім жазасынан қашып кеткеннен кейін Жүкібаймен кездейсоқ кездесуі сипатталған.
".....26 сәуірде Северцев (ботаник, генетик) тек екі қырғыз көшбасшысы, Гурьяновтың және үш казактың : Чапурин, Хасамаев және Полозовтың қатысуымен өз зерттеулерін қайтадан сол кездегі Қоқанға тиесілі Жүлек жағына бағыттады. Дәл осы уақытта жылқының түр-тұлғасы біздің колоннаның назарын аударды. Жүкібай көсем орманнан шығып, екі аттам жерде тұрған алты қарулы қырғызды және бір жыл бұрын далада өзі ұстаған әйгілі қарақшы Досан Жанғұтаевты көрді. Ол кезе Жүкібай онымен жеке кездесіп, оны әділ әрі ашық шайқаста жеңіп, басшылыққа апарып берген еді. Одан кейін Досан өлім жазасына кесіліп, бірақ жазасын алмай жатып қашып кеткені белгілі. Енді екеуі тағы да бетпе-бет жолығып тұр. Осы кездесуде Гурьянов, Хасамаев пен Полозов жараланады. Аман қалған Чипурин ғана отрядқа барып болған жәйтты айтады. Алайда, Северцев туралы ешкім ештеңе білмейді. Оның өлгенін немесе қарақшылардың тұтқынына түскенін білмей дал болады. Северцев туралы алғашқы ақпарат 1 аптадан кейін ғана пайда болады. Оның Жаңақорғанда, Досан қарақшының қолында екені белгілі болады"