Сіз маңызды оқиғаның куәсі болдыңыз ба? Сізде бұл қалаға айтатын жаңалығыңыз бар ма? Мәселеге назар аударғыңыз келе ме немесе оны шешудің жолын білесіз бе? Бізге жазып, жүлде ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!
Байқау шарттары:
Байқауға қатысу үшін хабарламаңыздың тақырыбын сипаттайтын мәтіндік материалдар қабылданады.
- Егер сіз туындаған мәселе туралы айтқыңыз келсе, онді міндетті түрде барлық ақпаратты жазыңыз: қай ауданда, мәселенің мәні, қанша уақыт шешімін таппай отырғаныңызды, қайда жүгінгеніңізді, қандай жауап алып, қандай шешім қабылдауға тырысқаныңызды хатта баяндаңыз.
- Егер сіз қызықты оқиға немесе тұлға туралы айтқыңыз келсе, мәтінде оқиғаларға қатысушылардың және жарияланым кейіпкерлерінің мәлімдемелері болуы керек, фотосуреттер мен мүмкіндігінше видео болуы керек.
- Егер сіз қаладағы оң өзгерістерді байқап, бөліскіңіз келсе немесе нәтижеге қалай қол жеткізгеніңіз туралы өз оқиғаңызды айтқыңыз келсе, "бұрын" және "қазір" деп нақты көрсетіп, мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасалғанын сипаттауыңызға болады.
Тақырыптарды қамту жоғарыда аталған шартпен шектелмейді, өз идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймыз!
Хабарламаларға қойылатын талаптар:
- мәселенің мәнін, тарихын, оқиға тақырыбын нақты баяндау;
- фотосуреттермен (көлденең форматта) міндетті түрде сүйемелдеу (бар болса-видео);
- автордың тегі мен атын көрсету керек.
Хабарламаны WhatsApp мессенджері арқылы 8 708 467 12 64 нөміріне "Сіздің жаңалығыңыз "байқау" белгісімен жіберіңіз.
Ескерту: егер Сіздің материалыңыз барлық критерийлер бойынша байқауға қатысуға қабылданса, сіз тиісті хабарлама аласыз.
Жеңімпаздарды анықтау тәртібі:
Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталады:
- "Ең көп оқылатын жаңалық" номинациясындағы жүлдені "Сіздің жаңалығыңыз" авторы алады, ол жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайттағы ең көп қаралым санын жинауы қажет.
- "Ең көп талқыланатын жаңалық" жеке номинациясын жарияланғаннан кейін бес күн ішінде біздің Instagram аккаунтымызда ең көп пікір жинаған жарияланым авторы алады.
- Сондай-ақ, "Сіздің жаңалығыңыз" атты арнайы сыйлық қарастырылған. Бұл сыйлық Arnapress.kz редакциясынан беріледі. Бұл аталымдағы жеңімпазды жарияланымның мазмұны мен тақырыбын ескере отырып, редакциялық комиссия айқындайды.
Байқауды өткізу кезеңдері:
- өтінімдерді жинау;
- қорытындылау;
- жеңімпаздарды марапаттау.