Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.
Аталған адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына:
Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді;
- орнын тастап кетпейді;
- экраннан бұрылмайды;
- кескінді жаппайды;
- бейнекамераны ажыратпайды;
- жүйенің сұранысы бойынша ол іріктеу кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды;
- телефонмен сөйлеспейді;
- басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар,
Сурет: pixabay.com