Танымал айтыскер ақын, бүгінде психолог-коуч болып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның курстарынан шу шықты. |
Көптеген халық курсқа ақшасын төлегенімен, топқа қосыла алмай, курстан құр қалғандарын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ақынның өзі болса желіде оқу курсы жайлы қысқа ғана жазба қалдырған.
«Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам... Сол адамдардың ниеттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын... Тағы бір сабақ бітті... Көңіл-күйлеріңіз қалай?» деп жазды ақын.
Десе де көпшілік курсқа ақшасын төлегенмен, қатыса алмағандығын айтып, шағымданған. Олар: «Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады» «Мен де ақшасын төледім, бірақ әлі парақшаға қосылмадым» деп шу шығарды көпшілік.