Вторник, 06 февраля 2024 17:07

Тоқаев премьер-министр қызметіне Бектеновтың кандидатурасын талқылайды

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды", — делінген хабарламада.