Среда, 20 августа 2025 09:34

Семейде психотроптық затпен ер адам ұсталды

Жеке тінту кезінде 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.

"Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Семей қаласының полицейлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден оқшаулағыш таспамен оралған ақ түсті ұнтақ зат салынған 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, алынған зат психотроптық зат болып табылады – 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он (a-PVP, α-пирролидиновалерофенон). Заттың жалпы салмағы 15 граммды құрады.

Аталған дерек бойынша "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі