Бүгін еліміздің кейбір қалаларын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.
"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Мұндай ауа райы кезінде:
көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Сурет: freepik