Среда, 13 сентября 2023 18:08

"Көп адамдар асылып өле салады": Ұстаз жын кірген қыздың оқиғасымен бөлісті

Ұстаз Жарқын Мырзатай көпшілікті жын тиюден сақтануға шақырды.

Ол желідегі оқырмандарға қандай жағдайларда жын кіруі мүмкін екендігімен бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Мен бұрын жын тигендерді оқығанмын. Соның себептері қандай? Жындар адамдарды пайдаланады. Қай уақытта? Қатты қорыққан кезде, талып қалғанда, ән тыңдап тебіренген кезде, мас болған кезде. Бір қызды оқыдық. Ол туалетке музыка тыңдап бара жатқан. Қыз талып қалған. Құран оқып, дем салғаннан кейін жын өзі айтып береді ғой. "Сол кезде мен кіргенмін" дейді. "Енді неге шықпайсың?" десең "Мен бұны өлтіруім керек" дейді. "Машинаның астына секіртуім керек" деген тапсырмасы бар екен. Білесіздер ме? Көп адамдар жіңішке жіпке де, пердеге де асылып өле салады. Оның бәрін істетіп жатқан жындар", — дейді ол.