Понедельник, 11 марта 2024 05:26

Абай облысындағы ауылды су әкетіп жатыр

Бақты ауылында қар еріп, су үйдің ішіне кірген.

Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 10 наурыз түстен кейін еріген қардың суы ауыл көшелеріне жайылған. Су қораға, тіпті үйдің ішіне де кірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от bailygym.bakhytym .bakhtym (@bakhty.auyly)

Ал Абай облысы ТЖД ақпараты бойынша Мақаншы ауданы жергілікті атқарушы органдарының күшімен жұмыстар жүргізілуде. Жалпы 70-ке жуық адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде деп жазды.

ЖАО және ТЖД күштерімен ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Сурет: ашық дереккөздерден, ТЖД