Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы хабарлады.
"Биылғы оқу жылынан бастап Ақтөбе облысының мектептері "Күнделік" электронды журналын пайдаланбайды", — дейді білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Білім беру бөліміндегі өзгерістің себебі — биыл 150-ге жуық аудан мектептерін жабдықтау бойынша пилот жобаға 5 миллиард теңге бөлінгені.
"Оның 12-сінде пән кабинеттері толық жабдықталды. 134 шағын жинақталған мектепте компьютерлер мен интерактивті тақталар сатып алынды. Жабдықтармен қатар онда оқушылардың цифрлық сауатын арттыруға арналған цифрлық ресурстар бар. BilimClass платформасы тегін болғандықтан оған барлық қалалық, аудандық және ауылдық мектептерді кіргізейік деп шештік.
Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, енді жаңа электронды күнделікте коммерциялық жарнама болмайды. Себебі жарнамаға ата-аналар жиі шағымданатын еді.
Сурет: primeminister.kz