Еліміздің бірнеше қаласында ертең, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астана, Семей, Қарағанды мен Ақтөбе қаласының оқушылары қатты аяз салдарынан қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада.
Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.