Пятница, 01 декабря 2023 06:20

102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі: полицейлер қалай жазаланды

Бұл іс 2022 жылғы қарашада болған.

Өткен жылы полицейлер Қостанайда зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар пәтерден екі әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

"Қазір сот үкімі бойынша сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, үкім заңды күшіне енген жоқ. Күдікті полицейлердің назарында болды. Оның әйелінің өтініші бойынша бірнеше рет қорғау нұсқалары шығарылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы басқа да құқықбұзушылықтар үшін тартылған", — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, қылмыскерге шара қолдану үшін жәбірленушінің арызы талап етілген, бірақ әйелі одан бас тартқан.

"Сонымен бірге, бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деп қорытындылады облыстық департамент өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әйелі күйеуінің қолынан қаза болмас бұрын полицияға 49 рет жүгінгені айтылды.

Сурет: Tengrinews.kz