Вторник, 21 ноября 2023 17:03

Алматыда вирустық А гепатиті 6,22 есе өсті

Алматыда 10 айдың ішінде А вирустық гепатитімен сырқаттанушылар 6,22 есе өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 14,53.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасыхан Алпысбайұлы мәлімдеді., деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"А гепатитінде инкубациялық кезең 7 күннен 50 күнге дейін созылады. А гепатитімен барлық жастағы адам ауырады. Көбінесе вакцина алмаған балалар мен оқушылар ауырады. Бүгінде АВГ-пен сырқаттанушылардың көбі оқушылар – 26,2%, жұмыссыздар – 26%, жұмысшылар және қызметшілер – 20,7%, 18,8% студенттерге тиесілі. Алматыда 10 айдың ішінде А вирустық гепатитімен сырқаттанушылар 6,22 есе өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 14,53", — дейді Қасыхан Алпысбайұлы.

Бүгінде вирустық А гепатитінің алдын алу шарасы — вакцина алу. А гепатитіне қарсы екпе мекенжай бойынша емханаларда 2 жастағы және науқаспен қарым-қатынаста болған, вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балаларға тегін салынады.